Сапа саласындағы саясат

«Тұлпар-Тальго» ЖШС тапсырыс берушілерді қанағаттандыратын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекелі бағасы бар жүрдек пойыздармен қамтамасыз ететін сенімді жеткізуші болуға тырысады.

Біздің сапа саласындағы мақсаттарымыздың негізі бойынша, сапа біздің жұмыс міндеттеріміздің табиғи бөлігі болып табылады, және де біз үнемі сапа саласында жетілдіру жұмыстарын жүргіземіз.

Сол үшін «Тұлпар-Тальго» ЖШС:

  • сапа саласында тұтынушылардың үміттері мен талаптарына негізделген мақсаттарды құрады;

  • өндірістің барлық кезеңдерінде ақаулардың алдын алу мақсатында сапаны бақылау жүйесін іске асырады;

  • сапаға деген жоғары зерделі көзқарасты қалыптастыру және тұрақты жетілдіру үдерісіне еліктіру үшін қызметкерлерді ынталандырады және оқытады;

  • әрбір қызметкердің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік беретін компанияда қолайлы ахуал қалыптастырады;

  • шығарылатын өнімнің сапасын, сенімділігін және қолданыс өнімділік қасиеттерін жетілдіреді;

  • тиісті құжаттардағы баяндалған талаптарға сәйкестігіне қарай өндірілетін өнімді сертификаттайды;

  • барлық үдерістердегі нәтижелілікті, тиімділігті және икемділігті арттыру үшін сапа менеджментін пайдаланады және қолдайды;

  • қажетті сапа деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті жеткізушілерді таңдайды және олармен қарым-қатынасты үзбейді;

  • қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ететін өндірістік жабдықтарты пайдаланады.

«Тұлпар-Тальго» ЖШС міндеттенеді:

  • 2020 жылға дейінгі «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ негізгі стратегияларының іске асырылуына жағдай жасауға;

  • талаптарға сәйкес келуге және үнемі сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыруға;

  • жыл сайын осы саясатқа талдау жасауға.

«Тұлпар-Тальго» ЖШС Бас директоры - Паскуаль Торрес Дуарте