Компания туралы

2011 жылы Астана қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың жүрдек вагондарын шығаратын зауыт салынды. Оның құрылысын «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы мен «Patentes Talgo» испандық компаниясы бірлесіп жүргізді. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Өндіріс ғимаратының жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы –150 вагон. «Тұлпар-Тальго» вагондарының өндірісінде сапаның Еуропалық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы озық технология мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік туды. Вагондарды пайдалану мерзімі  - 40 жыл.

«Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарының басқа өндірушілермен салыстырғанда маятникті пневматикалық аспа, жеңіл кузов, автоматты бағыттайтын жүйесі бар дербес дөңгелек пен вагондарды біріктірудің жалғасқан типі сияқты артықшылықтары бар.

«Тұлпар-Тальго» вагондары кез келген климаттық жағдайға бейімделіп, әртүрлі стандарттағы теміржолға арналған дөңгелек блоктарымен қамтамасыз етіледі.

Диагностика мен бақылаудың қазіргі заманғы автоматты жүйелері вагонның барлық жүйесінің жұмысын қадағалап, жол жүрген кездің өзінде ақауларға диагноз қойып, оларды жоя алады.

Тапсырыс берушінің тілегі бойынша мынандай вагондардан құралған кез келген топтама қабылдануы мүмкін:

18 орындық «Турист» класының жатын вагоны.

12 орындық Бизнес-класс вагоны.

Әр купеде душ пен дәретханасы бар 10 орындық 1-класс вагоны.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған купесі бар 6 орындық 1-класс вагоны.

36 жолаушы отыратын «Турист» класты вагон.

30 орындық вагон-мейрамхана.

Вагон-кафетерий.

Бүгінгі таңда зауыт Астанадағы ең ірі кәсіпорындардың бірі ретінде «Тұлпар-Тальго» вагондарының 400-ден астам данасын шығарған. Кәсіпорын 2020 жылға дейін ыңғайлы әрі кең кузовты 600-ден астам вагон шығаруды жоспарлап отыр.