Қазақстан халықаралық “ArcCup” дәнекерлеу байқауында II орынға ие болды

2016 жылдың маусым айының 18-22 күндер аралығында Пекинде (КНР) өткен халықаралық “Arc Cup” дәнекерлеу  байқауында Қазақстаннан келген дәнекерлеуші топ II орынға ие болды. Аталмыш байқауда әлемнің 25 елінен келген 300 дәнекерлеуші қатысым алды.

Қазақстан елінің атынан  «КазТрансОйл», ТОО «Тулпар Тальго», ТОО «ХОЗУ Стройинвест Limited» атты қазақстандық кәсіпорындарының дәнекерлеушілері шықты. Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: Роботтандырылған дәнекерлеу, вольфрамды электродты қолдану арқылы қолмен имектеп дәнекерлеу (111/SMAW), Газды (ацетил-оттегі) дәнекерлеу(311/OFW), Дайын өнімді дәнекерлеу(111/SMAW/135GMAW /141 GTAW/136 FCAW), Тот баспайтын құрыш , алюминий, мыс,никель, титан қорытпаларын дәнекерлеу , сонымен қатар ерекше тәсілдер бойынша байқау және т.б.