Компанияның тарихы

Компанияның тарихын 2010 жылдың 3 маусымынан, яғни Астана қаласында АО «НК «ҚТЖ» басшысы Мамин А.Ұ. және Патентес Тальго С.Л.  компаниясының басшысы Хосе Мариа Ориол Фабра арасында жолаушылар тасымалдайтын темір жол вагондарын өндіру және техникалық қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құру үшін негізгі жағдайлар тізімін бекіту және өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойылған күннен басталады.

ТМД кеңістігінде өзіне теңдесі жоқ, халықаралық сапа, жоғары тиімділік және өндірістік үдерістің нәтижелілік стандарттарына сәйкес келетін, Астанада жолаушыларды тасымалдайтын темір жол вагондарын құрастыратын зауыт құрылысы жобасы жүзеге асырылды және салынды. 

Жоба үдемелі инновациялық- индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Осы өндірістің мақсаты тек Қазақстан нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, сондай-ақ ТМД және алыс шет елдеріне тауарларды экспорттау болып табылады.

 

Зауыттың ашылу мерзімі 2011 жылдың желтоқсаны.

Қызметінің негізгі бағыттары:

- жолаушылар тасымалдайтын вагондарды өндіру;

- техникалық қызмет көрсету;

- компоненттерді өндіру.

Өндірістік ғимараттың аймағы                        31 мың м²

Өндірістік қуаты                                                150 вагон/жыл

Технологиялық жабдықтар                               295 бірлік

Жұмыс орын саны                                             367

Пойыздардың артықшылықтары:

Операторлар үшін:

Инфрақұрылымға аз әсері;

Сенімділік, қолжетімділік, қауіпсіздік;

Пайдалану және қызмет көрсету шығындары

Жолаушылар үшін:

Ыңғайлы және бай ішкі құрылысы;

Қауіпсіздік;

Жайлылық.

 

Сондай-ақ Серіктестік экологиялық және техникалық сапа мен бағасы бойынша бәсекелесуге қабілетті Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімдерді артық көреді.

Серіктестік қызмет көрсетуде және жұмысты жүзеге асыруда қазақстандық компанияларға, соның ішінде, қызмет барысында бағасы, сапасы мен тиімділігі бойынша қызмет корсетуі мен жұмысы бәсекелесуге қабілетті отандық тауар өндірушілерге басымдық береді.

Сонымен қатар, 2015-2019 жылдар аралығында ішкі нарықты қанағаттандыру мақсатында «кең шанақты» 603 вагондарын шығару жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Онымен қоса,  2017-2022 жылдар аралығында «Өңірлік поездар» бағдарламасы бойынша 459 вагонды шығаруды жүзеге асыру жоспарлануда.

Серіктестік ішкі нарықта өнімдерін сатуда тәжірибесі бар.