Компания туралы

2011 жылы Астана қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың жүрдек вагондарын шығаратын зауыт салынды. Оның құрылысын «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы мен «Patentes Talgo» испандық компаниясы бірлесіп жүргізді. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Өндіріс ғимаратының жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы –150 вагон. «Тұлпар-Тальго» вагондарының өндірісінде сапаның Еуропалық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы озық технология мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік туды. Вагондарды пайдалану мерзімі  - 40 жыл.

«Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарының басқа өндірушілермен салыстырғанда маятникті пневматикалық аспа, жеңіл кузов, автоматты бағыттайтын жүйесі бар дербес дөңгелек пен вагондарды біріктірудің жалғасқан типі сияқты артықшылықтары бар.

Толығырақ